бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 23:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Құны - 25 миллион теңге»: Абиба Әбужақыноваға демеушілер үшінші көлігін сыйлады

«Құны - 25 миллион теңге»: Абиба Әбужақыноваға демеушілер үшінші көлігін сыйлады
Сурет: ашық дереккөзден алынды
27 жасар дзюдошы Париж Олимпиадасында медальге ие бола алмай, бесінші орынға тұрақтаған

Париж Олимпиадасына қатысушы Абиба Әбужақыноваға демеушілер  үшінші көлігін мінгізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасына жазған. 

Оған үшінші көлікті «Жеңіс» дзюдо клубының президенті Алмаз Әлсенов құны - 25 миллион тұратын жаңа BMW Х3 кроссоверін сыйлаған. 

«Бүгінгі көлік мені бұдан кейін де тоқтамауға, тынбай еңбектенуге тағы бір себеп деп ойлаймын, челлендж деп қабылдаймын. Олимпиада ойындары менің өмірімді түбегейлі өзгерткені анық. Соған қарамастан барлығы мені қолдап, жылы лебіздерін аяп жатқан жоқ. Бұл – бір күндік емес, көп жылдық еңбегімнің, маңдай теріммен, тынымсыз жаттығулардың нәтижесінде жеткен сый деп қабылдаймын. Бәріңіздің қолдауларыңызға ризамын! Әлі-ақ сіздердің үміттеріңізді ақтап, қолдауларыңыздың өтеуі ретінде жеңісті жолды жалғастырамын деп уәде беремін», - деп жазды дзюдошы.

Айта кетейік, бұған дейін Абиба Әбужақынова "Республика" партиясының өкілдері Kia автокөлігін сыйласа, Атырау облысында жергілікті кәсіпкерлер Zeekr электромобилін тарту еткен еді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар