жексенбі, 24 қараша, 2024 5:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қоғамдық қабылдауға келушілер 4 есеге артқан

Қоғамдық қабылдауға келушілер 4 есеге артқан
ашық дереккөзі
Қоғамдық қабылдауға келушілер 4 есеге артқан
  «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында жергілікті тұрғындардан түскен өтініштерді қарау бойынша 2020 жылдың қорытындысы мен 2021 жылдың қаңтар-ақпан айындағы жағдайы туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды  http://Jambylinfo.kz . Комиссия отырысында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраймова партияның облыстық және аумақтық филиалдарындағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде партия мүшелері мен жергілікті атқарушы орган басшыларының азаматтардың арыз-шағымын қарауы туралы баяндады. – Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында партияның облыстық және аумақтық филиалдарына барлығы 13 384 өтініш түсті. Оның 9021-і немесе 67 пайызы оң шешімін тапты. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне түскен өтініш 2019 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артқан. Өтініш иелерінің 83,6 пайызы әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін (материалдық және атаулы әлеуметтік көмек алу, «BIZBIRGEMIZ» қорынан 50 мың теңге, азық-түлік себеттерін алу) көтерген. Сонымен бірге тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер телімдерін беру, жұмыспен қамту да жиі көтерілген мәселелер санатына жатады. 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында партияның облыстық және аумақтық филиалдарына 731 өтініш түсіп, оның 354-і немесе 47 пайызы оң шешімін тапты. Есепті кезеңде облыс, қала, аудан әкімдері мен мемлекеттік мекеме басшылары 153 қабылдау жүргізіп, 347 азаматтың өтініші  қаралды. Оның 89-ы оң шешімін тапты. Орталық мемлекеттік орган басшылары мен Парламент Мәжілісі депутаттарының бейнеконференц-байланысы арқылы өткен 7 қабылдауда 23 азаматтың өтініші қаралды, – деді  қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі. Комиссия отырысында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев, Тараз қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Жайдарбек Танаев баяндама жасады. Жалпы облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 4045, ал 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында 93 өтініш түскен. Олардың 287-і оң шешімін тапты. Қалған мәселелер мүдделі мемлекеттік мекемелердің бақылауында. Нұрдаулет АСАН
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар