Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне бүлік ұйымдастырды деген айып тағылды
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 09:29
- 89
Оңтүстік Кореяның биліктен шеттетілген президенті Юн Сок Ёльге «бүлікті басқарды» деген ресми айып тағылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Юн елдің бұрынғы қорғаныс министрі және басқа да лауазымды тұлғалармен бірге 2024 жылдың 3 желтоқсанында заңсыз әскери жағдай енгізуге әрекеттенген.
Бұл әрекеттер ешқандай соғыс, қарулы қақтығыс немесе ұлттық дағдарыс белгілері болмағанына қарамастан іске асырылғаны атап өтілді. Сонымен қатар, Юн парламентте әскери жағдайды жоюға қарсы дауыс беру процесін бұзу үшін әскер қолданды, оппозиция жетекшілерін және сайлау комиссиясы өкілдерін тұтқындауға әрекет жасады деп айыпталып отыр.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз