«Оқушыларға қиянат жасап отырмыз»: Аятжан Ахметжан оқу бағдарламасының жаңармағынына 8 жыл болғанын айтты
- авторjambylinfo.kz
- 17 қыркүйек, 2024
- 7.7k
Педагог, "Qazbilim" орталығының жетекшісі Аятжан Ахметжан мектептерде оқу бағдарламасының жаңармағынына 8 жыл болғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оның сөзінше, білім заңына сәйкес, бір бағдарлама 4-5 жылда ауысып отыруы керек.
"Бізде мектептің оқу бағдарламасы мен оқулықтары жаңармағалы 8 жылға аяқ басып барады. Білім заңына сәйкес, бір бағдарлама 4-5 жылда ауысып отыруы керек. Басқа пәндерді айтпай-ақ, информатиканы алайық. Бұл сала бойынша 8 жылда қаншама жаңалық болды. Жасанды интеллект, робототехниика, ақпараттық технология күн санап дамып жатыр. Ал біздің оқушылар осыдан 10 жыл бұрын жазылған оқулықты оқып жүр. Бұл балаларымызға жасалып отырған қиянат деп ойлаймын. Сондықтан мен дәл қазіргі министрлік осыны ескермей отыр"- дейді ол.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз