
Осы бағытта жамбылдық оқушылар үшін «Hyundai Center» ЖШС экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияға 30 оқушы қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шара барысында оқушыларға «Hyundai Center» кәсіпорнының жұмысы, көлік құрастыру және техникалық қызмет көрсету саласындағы процестер толықтай таныстырылды. Компания мамандары автомобильдердің техникалық диагностикасы, көлік жөндеу процесі және осы саладағы жұмыс істеудің артықшылықтары туралы мәлімет берді. Оқушылар автоинженерияның заманауи жабдықтарымен танысып, көлік өндірісіндегі автоматтандыру үдерісі туралы мол ақпарат алды.
Аталған экскурсия жастарға техникалық мамандықтардың маңыздылығын көрсетіп, оларды осы салаға тартуға септігін тигізеді. Қатысушылар кәсіпорында жұмыс істеу мүмкіндіктері, оқыту бағдарламалары және тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
«Hyundai Center» өкілдері осындай іс-шаралардың жастардың қызығушылығын арттыруда маңызды екенін атап өтіп, экскурсиялар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратынын айтты.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз