сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 22:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі өңірдегі өндіріс ошақтарын аралады

Облыс әкімі өңірдегі өндіріс ошақтарын аралады
ашық дереккөзі
Облыс әкімі өңірдегі өндіріс ошақтарын аралады
Бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі – өнеркәсіп ошақтарының жұмыс процесін тұрақтандыру, еңбек заңнамаларын сақтай отырып кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, ондағы жұмыс орнын қысқартпау.Осы мәселемен облыс əкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы ірі өндіріс ошақтарында болып, олардың басшылығы және бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесулер өткізді, деп хабарлайды http://Jambylinfo.kz Бердібек Машбекұлы алдымен Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС-ның жұмыс барысымен танысты. Байқағанымыздай қазіргі таңда кəсіпорынның ауласы құрылыс алаңына айналып үлгеріпті. Алдағы уақытта зауыт өнімін екі есеге арттыруды мақсат тұтқан басшылық оның екінші кезеңдегі құрылыс жұмыстарын өткен жылы бастап кеткен еді. Серіктестік директоры Мұқаш Ескендіровтің айтуынша, құрылысқа қажетті құрылыс заттар Ресейден тасымалдануда. Биыл құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлауда. Сөйтіп, өнім көлемін былтырғыға қарағанда жыл соңына дейін екі есеге арттырмақ ниетте. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев осыдан кейін серіктестіктің мəжіліс залында кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. – «Қазфосфат» ЖШС өңіріміздегі ең үлкен кəсіпорын. Ол облысымыздың 6 мыңнан астам адамын жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ еліміздегі экспортқа шығарылатын өнімнің де 70 пайызын сіздердің кәсіпорын құрайтынын атап өткім келеді. Ал соның ішіндегі біздің өңірді алатын болсақ, экспортқа шығарылған өнімнің 40 пайызы сіздерге тиесілі. Бір сөзбен айтқанда, зауыттың өнімі артса, облыстың да экономикасы көтеріледі. Осында келердің алдында кəсіпорынның аумағында салынып жатқан құрылыс жұмыстарының екінші кезеңімен танысып шықтым. Көп жұмыс атқарылыпты. Оған аз қаражат бөлінбегені анық. Ертең олар іске қосылған жағдайда жаңадан 1000 жұмыс орны ашылмақ. Дегенмен серіктестік өткен жылдың қиын болғанына қарамай барлық кедергілерден шыға алды. Біздің облыстың қоржынына 17,5 миллиард теңге салығын құйды. Жұмысшы санын да қысқартқан жоқ. Алдағы уақытта да өнім көлемін төмендетпей, жұмысшыларды қысқартуға жол бермей жұмыс істейді деген сенімдемін, – деді Бердібек Машбекұлы. Нұрдаулет АСАН
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар