бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 17:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс оқушылары төртінші тоқсанда қалай білім алады?

Облыс оқушылары төртінші тоқсанда қалай білім алады?
ашық дереккөзі
Облыс оқушылары төртінші тоқсанда қалай білім алады?
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова «IV тоқсандағы оқу форматы» жайында баяндады. Онлайн өткен брифинг барысында  4-тоқсанда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, қорытынды аттестаттау қалай жүзеге асырылатындығы және 1-ші сыныпқа қабылдау сынды сұрақтарға жауап берді.   Жамбыл облысы жасыл аймақта болғандықтан, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 Қаулысына сәйкес  2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында оқу үрдісі дәстүрлі және аралас форматта ұйымдастырылатын болады.   Жалпы облыстағы 442 мектепте 238682 оқушы оқиды. Оқу жылының үшінші тоқсанында оқушылардың 51% дәстүрлі форматта оқыса,   49% қашықтықтан білім алды. Төртінші тоқсанда санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, 229 мектепте сабақ дәстүрлі форматта өтеді. Ал, 3-ші тоқсанда қашықтан оқыған 213 мектепте «Бір оқушы-бір мектеп» принципі сақтала отырып, сабақтар аралас форматта ұйымдастырылады. Яғни, оқу пәндерінің 70 пайызы дәстүрлі форматта, қалған 30 пайызы қашықтықтан оқытылады. Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда және мектеп жанындағы интернаттарда оқу үрдісі барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматқа көшпек.   Жиында өңірдің бас ұстазы мектеп бітіруші сыныптар қортынды аттестациялаудан міндетті түрде өтетіндіктерін тілге тиек етті. Атап айтсақ, 9 сынып оқушылары 3 пәннен ал, мектеп бітіруші түлектер негізгі 4 пәннен емтихан тапсыратын болады.   Сондай-ақ, Гүлнар Махақызы бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен                           1 тамызға дейін қабылданатындығын айтты. Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді. Ал, мамандандырылған мектептерге қабылдау бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің 12.10.2018ж. №564 бұйрығына сәйкес  облыстағы мамандандырылған мектептерге үміткерлердің құжаттарын қабылдау және тіркеу 01.03.2021ж. жүргізілуде және 15.04.2021ж. дейін жалғасады. Конкурсты өткізу мерзімі ағымдығы жылдың 1-20 маусымына жоспарланып отыр. Үміткерлер офлайн форматта тест жазады. Конкурс өткізілетін орында барлық санитарлық талаптар қатаң сақталады деп сендірді мамандар.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар