Жаңалықтар
Облыста жылына 150 мың тонна қант өндіретін жаңа зауыт салынады
- авторjambylinfo.kz
- 2 наурыз, 2021
- 198
Облыста жылына 150 мың тонна қант өндіретін жаңа зауыт салынады
Жамбыл облысында жылына 150 мың тонна қант өндіретін жаңа қант зауыты салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.
«Қазіргі уақытта отанымызда өндірілетін қант тапшылығы 240 мың тоннаны немесе қажеттіліктің жартысынан көбін құрайды. Ішкі нарықты молықтыру Алматы облысындағы қант зауытын жаңғырту, сондай-ақ Жамбыл облысында қуаты 150 мың тонна қант өндіретін жаңа қант зауытын салу есебінен болжанып отыр. Қосымша 175 мың тонна қант өндіру есебінен қант тапшылығын шешіп, 80 пайыз қамтамасыз ету көлеміне шығу жоспарлануда», - деді агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы баяндаған Сапархан Омаров.
Сонымен қатар, министр қазіргі уақытта балық өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз ету 60,8 пайызды құрайтындығын айтты. «Ішкі нарықты молықтыру үшін өндіру қуаты 13,5 мың тонна балықты құрайтын 8 жоба іске қосылатын болады. Бұл қамтамасыз ету көлемін 100 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», - деді ол.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала