Жаңалықтар
Омикрон штамы Еуропада індеттің кезекті толқынын тудыруы мүмкін
- авторjambylinfo.kz
- 22 желтоқсан, 2021
- 196
Омикрон штамы Еуропада індеттің кезекті толқынын тудыруы мүмкін
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы кәрі құрлықта індеттің жаңа толқынын болжады. Сарапшылардың айтуынша, аймақта эпидахуал күн өткен сайын ушығып барады. Данияда омикрон штамына шалдыққандардың қарасы көбейді. Ал Францияда вирустың бұл түрін науқастардың бестен бір бөлігі жұқтырған. Испанияда бір күнде тіркелген дімкәс жандардың саны 50 мыңға жуықтап антирекорд орнады. Германия мен Ұлыбританиядағы ахуал да мәз емес. Жағдайдың нашарлауына байланысты кәрі құрлық елдерінің басшылары жаңа шектеулер енгізе бастады. Мамандар халықты барынша үйден шықпауға шақырады. Кей мемлекеттер коменданттық сағат жариялады. Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінде коронавирустың омикрон штамы әлемнің 106 елінде тіркелген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз