сенбі, 12 қазан, 2024 16:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қорғаныс министрінің әйелі әскери техника мен сарбаздарды жинап, бейнебаян түсірген

Қорғаныс министрінің әйелі әскери техника мен сарбаздарды жинап, бейнебаян түсірген
Фото - ашық дереккөз
Қазір оны желеу қылып, кейбір ақпарат құралдары мен «жазғыштар» клиптің қалай түсірілгені туралы астарынан мысқылдап сыр іздеп, өздерінше пайымдап жатыр.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың әйелі Эльмира Баққали «Қазақстан» әніне 2015 жылы бейнеклип түсірген. Бейнеклипке әскери техниканың тұтас колоннасы, тікұшақ пен бір топ сарбаз түскен. Видеоға қатысты қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Жангулин видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz   Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап  

Stan.kz-тің дерегінше, Руслан Жангулин бұл  клиптің шамамен 10 жыл бұрын түсірілгенін айтқан.

«Тырнақ астынан кір іздеудің қажеті қанша? Қорғаныс министрінің жұбайы қатысқан Ұлттық ұлан туралы түсірілген бейнебаян осыдан 10 жылға таман бұрын түсірілген болатын. Қазір оны желеу қылып, кейбір ақпарат құралдары мен «жазғыштар» клиптің қалай түсірілгені туралы астарынан мысқылдап сыр іздеп, өздерінше пайымдап жатыр. Ешқандай сыр жоқ. Түсіндіре кетейін. Сол кезде бұл Ұлттық ұлан туралы әскери-патриоттық бағытта жасалған алғашқы имидждік клип болатын. Бейнебаяндағы әнді Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің солисі орындады.  Клиптағы әскери техника мен жеке құрамның іс-әрекеті бейнеленген кадрлар жауынгерлік дайындық бойынша жоспарлы сабақтар кезінде түсірілген. Оны жасауға ешқандай мемлекеттік қаржы жұмсалмаған. Демеушілердің көмегі тартылған. Сол уақыттан бері бұл клип ашық жарияланымда тұр. 10 жылға жуық уақыттан кейін бұған осыншама тұрғыда мән берудің қажеті қанша!?», - деді министрдің баспасөз хатшысы.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар