бейсенбі, 22 мамыр, 2025 8:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оралда тоқ соққан 9 жастағы бала көз жұмды

Оралда тоқ соққан 9 жастағы бала көз жұмды
Фото: instagram.com/krisp.tdk
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді

Оралда көпқабатты үйдің ауласында тоқ соққан тоғыз жасар бала қайтыс болды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оқиға 30 сәуір күні кешке Исатай-Махамбет көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында болған.

Куәгерлердің айтуынша, бала сымдардың арасында тұрып қалған добын алу үшін электрі бар қосалқы станцияның төбесіне шыққан. Осы жерде баланы тоқ соққан. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кішкентай науқастың жағдайы ауыр деп мәлімдеген еді.

«Ол қазір облыстық көпсалалы балалар ауруханасында, механикалық желдетуде жатыр. Жағдайы ауыр. Төртінші дәрежелі күйік, денесінің 95%-ы зақымданған», - деп хабарлаған еді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар