жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордай ауданында шекара маңы ынтымақтастығы орталығын құру жоспарлануда

Қордай ауданында шекара маңы ынтымақтастығы орталығын құру жоспарлануда
ашық дереккөзі
Қордай ауданында шекара маңы ынтымақтастығы орталығын құру жоспарлануда
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Қырғызстанның экономика және қаржы вице-министрі Сұлтан Ахматов Қордай ауданына келді. Атқамінерлер облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге «Қарасу» және «Қордай» бақылау-өткізу пункттерінің қызметімен танысты. Жұмыс сапарының басты мақсаты – «Қорғас» ШЫХО секілді «Қарасу» бақылау-өткізу пунктінің жанында «Қордай» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жобасын жүзеге асыруға дайындыққа негізделді. «Қарасу» БӨП арқылы негізінен жүк көліктері өтеді десек, осыған орай қазақстандық билік мұнда арнайы визалық режиммен шектесетін мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясын құруға, қосымша құны жоғары тауарларпды өткізуге ниетті. Еркін экономикалық аймақтың қатысушыларына белгілі бір мерзімге жер учаскелерін тегін беру, дайын инфрақұрылымды пайдалану мүмкіндігі, корпоративтік табыс салығынан, мүлік салығы мен ҚҚС, жер салығынан босату және тағы басқа жеңілдіктер қарастырылған. Бақыт Сұлтанов қырғыз әріптесіне шекараға жақын маңда 15 гектар мемлекеттік жер телімі дайын екенін, қажет болған жағдайда оны 100 гектарға дейін ұлғайтуға болатынын жеткізді. Сондай-ақ бақылау-өткізу пунктінің ғимараты шекараға жақын жерге ауыстырылып, іргелес аумаққа ауыр жүк көліктеріне арналған тұрақ салынады. Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев ынтымақтастық орталығын толығымен Қазақстан аумағына орналастыруды ұсынды. Сұлтан Ахматов бұл мәселе қырғыз билігі тарапынан жан-жақты талқыланып, екі-үш күннен кешіктірілмей жауап берілетінін жеткізді. Бұдан соң қонақтар қайта жаңғыртылған «Қордай» бақылау-өткізу пунктіне ат басын бұрды. Мұнда соңғы уақыттарда ауыз толтырып айтарлықтай оң өзгерістер орын алған. Қозғалыс жолақтары екіден сегізге дейін ұлғайып, тексеру кабиналарының саны 12-ден 34-ке дейін артқан. Ал құрылыстың жалпы ауданы 4, 9 мың шаршы метрге жеткен. Егер бұрын жаяу жүргіншілерді өткізу қауқарлығы тәулігіне алты мың адамнан аспаса, қазір – 25 мыңға дейін, ал шекарадан өтетін автокөліктер саны тәулігіне 2,5 мыңға дейін өскен. Ірі көлемді көліктерге, соның ішінде негізінен жолаушылар автобустарына арналған тексеру кешені жұмыс жасайды. Ол үшін бір көлікке небәрі бес минут уақыт жұмсалады. Ал, заманауи қондырғылар сағатына 700 дана қол жүгін сканерлеуге қабілетті.  width= width=
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар