....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 11:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Орны толмас қаза»: Қазақстандық жұлдыздар Ақжол Мейірбековті еске алуда

«Орны толмас қаза»: Қазақстандық жұлдыздар Ақжол Мейірбековті еске алуда
ашық дереккөзі
«Орны толмас қаза»: Қазақстандық жұлдыздар Ақжол Мейірбековті еске алуда
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мейрамбек Бесбаев өмірден өткен Ақжол Мейірбековке желіде жазба арнады. Өнер иесі «Дос-Мұқасан» ансамблі солисінің қазасын аса ауыр қабылдаған, деп жазады Jambylinfo.kz KAZ.NUR.KZ.сайтына сілтеме жасап. Мейрамбек Бесбаев өнердегі ағасына арнаған жазбасын Instagram парақшасында жариялады. «Қазақ эстрадасының негізін қалаған, қашан көрсеңде маңайына күлкі сыйлап, нұрын шашып жүретін Ақжол ағамызда мәңгілік мекеніне аттанды. Сіздің жарқын бейнеңіз, жадырап жүретін жүзіңіз жүректің төрінде жылы естелік ретінде сақталып қалатын болды. Жаныңыз жаннатта болсын. Қош болыңыз жақсы аға», — деп жазды әртіс. Әнші Ерлан Көккев те Ақжол Мейірбековты еске алып, оның жақындарына көңіл айтты. «Ақжол ағамен өте жақын араласатынбыз. Ол кісі маған аға, әріптес әрі ұстаз болды. Сонымен қатар құда, ортаншы қызымның кіндік әкесі болды. Осындай талантты жандардың ерте кетіп жатқаны өте өкінішті. Бұл қазақстандық музыкалық мәдениеті үшін орны толмас қаза болды», — деп жазды ол. Әнші Ерлан Көккев те Ақжол Мейірбековты еске алып, оның жақындарына көңіл айтты. «Ақжол ағамен өте жақын араласатынбыз. Ол кісі маған аға, әріптес әрі ұстаз болды. Сонымен қатар құда, ортаншы қызымның кіндік әкесі болды. Осындай талантты жандардың ерте кетіп жатқаны өте өкінішті. Бұл қазақстандық музыкалық мәдениеті үшін орны толмас қаза болды», — деп жазды ол. Оған қоса Жазира Байырбекова мен Диана Шарапова да Ақжол Мейірбековтың отбасына қайғыра көңіл айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар