Қос алпауыт мәмілеге жақын: АҚШ–Қытай келіссөздері басталды
- авторБақытжан Бекболат
- 12 мамыр, 2025
- 788
Бұл – соңғы жылдары өршіп кеткен тарифтік текетірестен кейінгі жоғары деңгейдегі алғашқы кездесу, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz BBC ақпараттық қызметіне сілтеме жасап.
Әр тарап келіссөзге өз мүддесі тұрғысынан баға беруде: Қытай кездесуді АҚШ-тың сұранысымен өтті десе, Вашингтон Қытай экономикасының әлсірегенін алға тартып, бастамашы Бейжің екенін меңзейді. Дегенмен сарапшылар екі елдің де келісімге келуге ниетті екенін басты жаңалық деп отыр.
Сауда қақтығысы екі тарапқа да оңай соқпады. Қытайда өндіріс бәсеңдесе, АҚШ инфляциямен және жабдықтау тізбегіндегі қиындықтармен бетпе-бет келді. Мұның салқыны кәсіпкерлер мен тұтынушыларға дейін жетті.
Әзірге нақты шешімдер қабылданған жоқ. Алайда диалогтің қайта басталуы – тараптардың өзара қысымды азайтуға деген ұмтылысын білдіреді. Сарапшылар бұл кездесуді ұзаққа созылатын күрделі келісімдердің бастамасы деп санайды.
Арнайы операциялар күштерінің сарбазы Азияда топ жарды
Ұқсас жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





