Қостанай облысында құтқарушылар қар құрсауынан тағы 30 адамды құтқарды
- авторjambylinfo.kz
- 6 ақпан, 2025
- 190

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл жолы құтқарушылар Амангелді ауданына қарасты Амантоғай ауылынан 15 шақырым жерде, облыстық маңызы бар «Әулиекөл – Жолдама» тасжолының жабық учаскесінде қалып қойған 8 жеңіл автокөлікті қар құрсауынан алып шықты. Көліктерде жалпы саны 30 адам болған.
Олардың 11-і, оның ішінде 3 бала, Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Абырой болғанда, құтқарылғандардың ешқайсысы медициналық көмекті қажет еткен жоқ.
Құтқарушылар азаматтарға ауа райының қолайсыз кезінде жолға шықпауға, төтенше жағдайлар қызметінің ескертулерін мұқият қадағалауға және қыс мезгілінде барлық сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз