Жаңалықтар
️Қостанай облысында жол апатынан 50 адам көз жұмды
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қыркүйек, 2025
- 290
Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 38%-ға көп.
Жыл басынан бері өңірде 50 адам жол апатынан қаза тапты. Осылайша аймақ ел бойынша антирейтингті бастап тұр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Апаттардың басым бөлігі трассаларда болған. Негізгі себеп – жүргізушілердің жол ережесін бұзуы.
Полиция дерегі бойынша:
▫️оқиғалардың 95%-ы жүргізушілердің кінәсінен;
▫️166 мыңнан астам жол ережесін бұзу тіркелген;
▫️1000-нан астам жүргізуші мас күйінде ұсталған;
▫️963 адам қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды.





