Жаңалықтар
Қостанай-Рудный трассасында көлік апатынан 1 адам қаза тапты
- авторjambylinfo.kz
- 15 қараша, 2021
- 655
Қостанай-Рудный трассасында көлік апатынан 1 адам қаза тапты
Қостанай-Рудный трассасының бойында көлік апаты болып, 6 адам зардап шекті, 1 адам қаза тапты
Көлік апаты сағат 14:30 шамасында Қостанай-Рудный тарассасының 38 шақырымында болған. Оқиға барысында 3 көлік апатқа ұшырады. «Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықтап жатыр. Қазіргі таңда «Kia Sportage» көлігінің 57 жастағы жүргізушісі Қостанайдан Рудныйға кетіп бара жатып, өзімен қатарлас келе жатқан және ресейлік есепте тұрған 24 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Ваз 2170» маркілі көлігіне соқтығысқан. Осыдан кейін «Kia Sportage» жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, 51 жастағы азамат басқарып келе жатқан «Ваз 2115» көлігіне соғылған»,-деп түсіндірді ведомство өкілдері. Апат салдарынан 1 адам мерт болып, 6 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. Полиция осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлік жүргізіп келе жатқан адамдардың жол ережесін бұзуы) негізінде сотқа дейіні тергеу басталғанын хабарлады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





