Жаңалықтар
Қостанайда соққыға жығылған зейнеткер қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 4 желтоқсан, 2023
- 394
Қостанайда соққыға жығылған зейнеткер қайтыс болды
Қостанайда соққыға жығылған зейнеткер ауруханада қайтыс болды, - деп хабарлайды Жамбылинфо Massaget.kz - ке сілтеме жасап.
23 қарашада екі әйел Әсия Құтварованың пәтерінің есігін қағып, кейін олардың бірі зейнеткерді пәтерден сүйреп шығарып, ұрып-соққан.
Қарт әйел Қостанай қалалық ауруханасына жеткізіліп, полицияға арыз жазған. Кейін ұлы әжесін Федоровкаға апарған. Әсия Кәрімқызы жергілікті аудандық ауруханада емделді. Полицейлер Әсия Кәрімқызын соққыға жыққан әйелді анықтады.
Бастапқыда бұзақылық бабы бойынша тергеу жүргізілді. Ал 1 желтоқсанда 85 жастағы Әсия Құтварованың қайтыс болғаны белгілі болды.
Сараптама өлімнің себебін анықтады - кардиомиопатия.
"Зейнеткердің бірнеше қабырғасы сынғаны анықталды. Осыған байланысты соталды тергеп-тексеру Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігінің 5-тармағына өзгертілді", - делінген хабарламада.
Бұл ретте полицейлер қарт әйелдің алған жарақатын өлім себебімен байланыстырмайтынын атап өтті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақтілді оқушылардың орыстілділерден сауаты төмен - зерттеу
- авторjambylinfo.kz
- 15 қазан, 2024