Отбасы банкі салымшыларына мемлекеттік сыйлықақы қашан төленеді?
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 10:36
- 449
«Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңға сәйкес, ол 1 наурызға дейін салымшылардың шоттарына аударылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Отбасы банктің мәліметінше, сыйақының нақты мөлшерін алдын ала анықтаудың мүмкін емес. Ссебебі салымшылар өздерінің тұрғын үй заемына өтініш беріп, келісімшарттарды өзгертуі немесе бөлшектеуі мүмкін. Мұндай жағдайлар сыйақы көлеміне әсер етуі ықтимал.
Мемлекеттік сыйлықақы 200 айлық есептік көрсеткіштің (2024 жылы 738 400 теңге) 20%-ын құрайды. Егер салымшы осы соманы 2024 жылы жинақтап, біржолата шотына салса, ол жыл соңында 147 680 теңге сыйлықақы ала алады.
2023 жылы 1,9 миллион қазақстандық мемлекеттік сыйлықақы алды, оның жалпы көлемі 81,9 миллиард теңгені құрады.
Отбасы банкінің басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мемлекетпен бірге ипотекалық секторға қатысты субсидияларды оңтайландыру мәселелері талқыланып жатқанын атап өтті. Бұл талқылаулар мемлекеттік сыйлықақы алу шарттарын жеңілдетуді көздеуде.
2025 жылы бұл шаралар қабылдана ма деген сұраққа, банк мемлекеттік тұрғын үй саясатының бағыттары мен тәсілдерін өздері белгілейтінін хабарлады.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз