Отставкаға кетемін- Юрий Ильин
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет кулуарында өз отставкасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Елдің бірнеше өңірінде өрт болды. Сізге сол мәселені реттей алмады деген сын көп айтылды. Тіпті Ильин отставкаға кетуі керек деп те жазып жатқандар бар. Бұл туралы өзіңіз не ойлайсыз?» - деп сұрады журналистер министрден.
Юрий Ильин өз лауазымы жайлы шешімді ел басшылығы мен үкімет қабылдайтынын айтты.
«Егер олар менің құзыретім жеткіліксіз деп тапса, менің отставкам туралы шешім қабылданады. Тиісінше, отставкаға кетемін», - деді министр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2026






