жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Пәкістанда лаңкестермен атыс кезінде 7 сарбаз қаза тапты

Пәкістанда лаңкестермен атыс кезінде 7 сарбаз қаза тапты
ашық дереккөзі
Пәкістанда лаңкестермен атыс кезінде 7 сарбаз қаза тапты
Пәкістанның Оңтүстік Вазиристан ауданында лаңкестермен атыс кезінде 7 әскери қызметкер қаза тауып, 5 содыр өлді.
Пәкістан армиясының қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауынша, атыс Азман Манза ауылында антитеррорлық операция кезінде болған. Аймақта операция әлі де жалғасуда. Әскерге шабуыл жасаған топ туралы ақпарат әзірге жоқ. «Техрик-е Талибан Пакистан» (TTP) террористік ұйымы 2007 жылы Пәкістанда құрылған және аймақтағы бейбіт тұрғындар мен әскерилерге шабуыл жасаумен келеді. Исламабад TTP Ауғанстаннан басқарылады деп мәлімдейді. 2014 жылдан бері ТТР-ға қарсы әскери операциялар барысында Пәкістанда 5 мыңнан астам террорист жойылды, 700 -ден астам сарбаз қаза тапты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар