....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 6:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

ПАРА АЗИАДА. ЕКІНШІ АЛТЫН

ПАРА АЗИАДА. ЕКІНШІ АЛТЫН
ашық дереккөзі
ПАРА АЗИАДА. ЕКІНШІ АЛТЫН
Қытайда өтіп жатқан төртінші Пара Азия ойындарының бірінші күнінде ел қоржынына 7 медаль түсті. Оның екеуі алтын, екеуі күміс және үшеуі қола. Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек жарысты ширек финалдан бастады. Алғашқы қарсыласы жапон қызын айқын басымдықпен жеңіп, жартылай финалда Үндістан өкілінен айласын асырды. Ал финалда жарыс қожайыны Қытай спортшысынан басым түсті. Ақмарал Науатбекова, Пара Азия ойындарының чемпионы:
Әр белдесуім қиынға соқты негізі. Әсіресе, ақтық сынды айтқым келеді. Себебі, осы Қытай жерінен қытайлық дзюдошы болды. Белдесуім қиын өтті. Бірақ соңында жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Жеңісімді Қазақ еліне арнаймын. Келе жатқан Республика күні құтты болсын!
Екінші алтында пара пауэрлифтер Давид Дегтярев жеңіп алды. Сонымен бірге, Пара Азия ойындарының рекордын жаңартты. 54 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз 187 келіні бағындырды. Сондай-ақ, дәл осы спорт түрінен қыздар арасында 41 келі салмақта сынға түскен Тұрсынай Қабыл 87 келі көтеріп күміс жүлде еншіледі. Пара каноэдан Бибарыс Спатай да екінші орын иеленді. Сондай-ақ, пара каноэдан жекелей бағдарламада Жаңыл Балтабаева пен Максим Богатырев, пара дзюдодан J2 санаты бойынша 60 келі салмақта Әнуар Сариев қола жүлдегер атанды. Қазақстан әзірге бейресми жалпыкомандалық есепте 7-ші орында.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар