жұма, 20 қыркүйек, 2024 2:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Паралимпиада - 2024: Бүгін кімдер сайысқа түседі

Паралимпиада - 2024: Бүгін кімдер сайысқа түседі
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Парижде өтіп жатқан параолимпиялық ойындар бел ортасына таяды

Бүгін, 2 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар бір сайыс түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 kazinform kz жазуынша, бүгін сағат 15:00-де отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрамасы Египетпен шеберлік байқасады.

Қазақстандық құрама бұдан бұрын Францияны 3:0 есебімен жеңсе, одан кейін Босния және Герцоговинаға 2:3 есебімен жол берді.

Ал Египет құрамасы Босния және Герцоговинаға 1:3 есебімен жеңілсе, Францияны 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазір аталған топта Босния және Герцоговина көш бастап, алғашқы жолдамаға ие болды. Екінші жолдама тағдыры Қазақстан мен Египет кездесуінде шешіледі.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Еске салсақ, Қазақстан пара спортшылары бұған дейін Паралимпиада ойындарында 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальды олжалаған болатын.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар