Париж олимпиадасында грек-рим күресінен қазақ балуаны Демеу Жадыраев 77 келіде жартылай финалда әзербайжандық Санан Сулейменовті жеңіп, олимпиада финалына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасына бабында барыпты.
Ол бозкілемде 77 келі салмақтың фавориттері қырғыз балуаны Ақжол Махмұд пен әзірбайжандық Санан Сүлейменовті жеңіп, оларды жарыс жолынан ығыстырды.
Бүгін Демеу Жадыраев алтын медаль үшін жапон Нао Кусакамен белдеседі.
Финалдық белдесу Қазақстан уақытымен сағат кешкі 21:15-те басталады.
"Барлық қарсылас өте мықты. Бұрын жапонмен (Нао Кусакамен) бір рет кездесіп, жеңілгенмін. Енді бәрін кілем көрсетеді”, - деді ол журналистерге берген сұхбатында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Назым Қызайбай - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024