Франция астанасы Париж қаласында XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Олимпиада ойындарын жабық деп жариялаған соң Олимпиада алауы сөндірілді.
Ол өз сөзінде келесі Олимпиада ойындары 2028 жылы Америка Құрама Штаттарының Лос-Анджелес қаласында өтетінін мәлімдеді.
Мұнан соң Париж Олимпиадасы аяқталуына орай, шоу бағдарлама көпшілік назарына ұсынылып,
Олимпиада ойындарының отаны Грекияның туы табысталды.
Париждегі Олимпиада ойындарының жабылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын гимнаст Эльжана Таниева мен таэквондошы Батырхан Төлеуғали ұстап шықты.
Еске салайық, Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді. Ұлттық құрама спортшылары спорттың 25 түрінен 80 спортшы бақ сынады. Қазақстан жалпы командалық есепте 43 орынға тұрақтады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жамбылда аптап ыстық болады
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






