бейсенбі, 18 сәуір, 2024 6:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Париж Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлері қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Париж Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлері қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Фото: egemen.kz
Туризм және спорт министрлігі мемлекет тарапынан биылғы Парижде өтетін жазғы Олимпидалық ойындарда чемпион атанған және жүлде алған спортшыларға берілетін сыйақыны жариялады,- деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Биыл Париж Олимпиадасы чемпионы мен оның жаттықтырушысы 250 мың АҚШ долларын, күміс жүлдегер 150 мың доллар , қола медалист 75 мың доллар алса, төртінгі орын алған спортшыға 30 мың доллар, бесінші орынды иеленген отандасымызға 10 мың доллар, алтыншы орыннан көрінген саңлаққа 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тапсырылады.»,-деп жазылған хабарламада.

Ал күміс медаль алған спортшының жаттықтырушысына 150 мың доллар берілсе, қола жүлдегердің бапкері де спортшы сияқты 75 мың доллар алады. Төртінші, бесінші және алтыншы орын алған спортшының жаттықтырушылары да тиісінше 30 мың, 15 мың, 5 мың доллар табыс етіледі.  
Париждегі жазғы Олимпиялық ойындар 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

ҚАЙРАТ ӘБСАМАТ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар