Жаңалықтар
Парламент депутаттары астана атауын өзгерту мәселесін талқылауда
- авторjambylinfo.kz
- 16 қыркүйек, 2022
- 463
Парламент депутаттары астана атауын өзгерту мәселесін талқылауда
ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында астана атауын өзгерту мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Отырыста ҚР Әділет министрі Қанат Мусин «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.
«Елорда атауын өзгерту мәселесін азаматтар ұзақ уақыт бойы кеңінен талқылауда. Ол кездесулер барысында және референдум кезінде азаматтардың үндеулерінде көтерілді. Сондықтан қоғамдық пікірді ескере отырып, депутаттардың бұл ұсынысы заң жобасына енгізілді. Елорданың атын өзгерту бойынша бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды. Осылайша, заң жоба аясында көзделген конституциялық новеллалар Мемлекет басшысының саяси бастамалары мен депутаттардың ұсыныстарын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл саяси жүйенің мүлдем жаңа стандарттарын белгілейді», - деді Әділет министрі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
Жаңалықтар
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2026






