сәрсенбі, 16 шілде, 2025 0:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Парламент депутаттары каникулға кетті

Парламент депутаттары каникулға кетті
Фото: parlam.kz
Қос палатаның қарауында 158 заң жобасы болды, оның ішінде 89 заң қабылданған.

Бүгін Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, сегізінші сайланған парламенттің үшінші сессиясы жабық деп жарияланды. Енді депутаттар демалысқа шығып, Қазақстанның өңірлерін аралауға аттанады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  nur.kz сілтеме жасап.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов сегізінші сайланған Қазақстан парламентінің үшінші сессиясының жұмысын қорытындылап, үкімет мүшелеріне, сенат пен мәжіліс аппараттары қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін ризашылығын айтты.

"Азаматтық қоғам мен сарапшылар қатарындағы серіктестерге де алғысымыз шексіз. Сондай-ақ жұмысымызды жоғары деңгейде жариялап көрсеткен баспасөз өкілдеріне рақмет айтамыз. Депутаттар енді өз жұмысын өңірлерде жалғастырып, қабылданған заңдардың мән-жайын жұртшылыққа түсіндіріп, проблемалармен жақынырақ танысады. Мұның бәрі біздің жаңа саяси маусымдағы жұмысымызға сақадай сай болуымызға септігін тигізеді деп ойлаймын", - деді ол.

Айта кетейік, үшінші сессия барысында парламент палаталарының 3 бірлескен отырысы, сенат пен мәжілістің 39 жалпы отырысы өткен.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар