жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодар облысында 12 жастағы мектеп оқушысы сәбилі болды

Павлодар облысында 12 жастағы мектеп оқушысы сәбилі болды
Сурет ашық дерекөзден алынды
Оқушы 19 шілдеде босанған

16 тамызда 13 жасқа толатын оқушы қыздың жүкті екенін алдымен білім беру басқармасы байқаған. Оқушы 19 шілде күні Павлодар облыстық перинаталдық орталығында босанған. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева желідегі парақшасына жазған, 
деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

 Динара Зәкиеваның айтуынша, мектеп оқушысы зорланған соң жүкті болып қалған. Қазір аталған іс бойынша кәмелеттік жасқа толмаған балаға зорлық-зомбылық көрсету фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Жаңа туған нәресте қазір анасының қасында.

Мектеп директоры жұмыстан кету туралы арыз жазуына байланысты қызметінен босатылды. 

Білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілген.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар