сенбі, 12 сәуір, 2025 22:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодар облысында 300-ден астам жүргізуші мас күйінде ұсталды

Павлодар облысында 300-ден астам жүргізуші мас күйінде ұсталды
Фото: Polisia.kz
"Заң мен тәртіп" қағидатына сүйене отырып, аймақ полицейлері әр адам өз әрекеттерінің салдарын ойлауға және немқұрайлылықтан жазықсыз адамдардың зардап шегуі мүмкін екенін ескеруге шақырады.

Павлодар облысында 300-ге жуық жүргізуші мас күйінде ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Көлік құралын мас күйінде жүргізу ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Ол көбіне ауыр салдарға алып келеді. Бірақ қолданыстағы шараларға қарамастан, жүргізушілер әрқашан ережелерді сақтамайды және жауап бермейді.

Екібастұз қаласында Энергетиктер көшесіндегі үйдің ауласында полиция қызметкерлері Hundai Sonata автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Бастапқыда жүргізушінің тәртібі полицейлерге біртүрлі болып көрінді, олар оны тексеруге шешім қабылдады. Шынында да медициналық куәландыру жүргізушінің көлік құралын мас күйінде жүргізгенін көрсетті.

Тексеру кезінде оның 2024 жылы 7 жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, ал құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды, материалдар жазалау шараларын қабылдау үшін облыс соттарына жіберілді.

 


 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар