жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала қайтыс болды

Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала қайтыс болды
istockphoto
Дәрігерлер екі күн бойы сәбидің өмірі үшін күрескен.

Павлодарда туған анасы бесінші қабаттан лақтырып жіберген екі баланың бірі көз жұмды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz turkystan.kz сілтеме жасап.

Бала өлімі туралы Павлодар облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенова Instagram-парақшасындағы стористе жариялады.

"Өкінішке қарай, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, кішкентай ұлдың жүрегі тоқтап қалды", – деп жазды ол.

Бұл ақпаратты Павлодар облыстық балалар ауруханасы да растады. 

"1 тамызда баланың жағдайы (2024 жылы туған - еск.) күн бойы өте ауыр және тұрақсыз болды. Кешке қарай жағдайы нашарлап, сағат 20:10-да жүрегі тоқтады. 20:40-та қайтыс болғаны расталды", – деп хабарлады аурухана өкілдері.

 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар