Павлодарда дәрігер-гинекологтар 19 литр сұйықтық жиналған кистаны сәтті алып тастады
- авторАрайлы Жақсылық
- 10 наурыз, 2025
- 312

Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында гинеколог дәрігерлер көлемі 19 литр сұйықтығы бар алып кистаны сәтті алып тастады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
"55 жастағы науқас іш қуысы мен кіші жамбастағы үлкен көлемді түзіліс себебімен жоспарлы хирургиялық емдеуге жіберілді. Операция 2,5 сағатқа созылып, осы уақыт ішінде 19 литр сұйықтық эвакуацияланды. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр, пациенттің жағдайы тұрақты. Ол ауруханада тағы бір аптадай болады деп күтілуде. Бақылау мақсатындағы зерттеулерден кейін дәрігерлер оның үйіне шығуы туралы шешім қабылдайды", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Аурухананың медициналық ұжымы бұл күрделі операцияның білікті мамандар мен заманауи жабдықтардың арқасында сәтті өткенін атап өтті.