Жаңалықтар
Павлодарда кәсіпкерді өлтірді деген күдікті Ресейде ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 27 наурыз, 2025
- 929
Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерациянің Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстанның азаматы, бизнес серіктесін өлтіргені үшін күдікті ретінде жедел іздестіру шаралары барысында ұсталды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еске сала кетейік, бұл оқиға биылғы жылдың ақпан айында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйітін тапқан кезде орын алды.
Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.
Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін тиісті шара қолдануда.
Келесі мақала
Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ аукционда сатылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





