жұма, 17 мамыр, 2024 15:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Павлодарда тікелей эфирде боқтаған тиктокер жауапқа тартылды

Павлодарда тікелей эфирде боқтаған тиктокер жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Павлодарда тікелей эфирде боқтаған тиктокер жауапқа тартылды
ТikToк әлеуметтік желісінің мониторингі барысында полиция Новоямышево ауылының тұрғынының тікелей эфирге шығу фактісін анықтады, онда ол дөрекі және әдепсіз сөздерді қолданған.
– Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотта қаралды, қаулы бойынша ауыл тұрғыны 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.
Айта кетейік, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 20 АЕК ( 69 000 теңге) айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданыла бастайды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар