Жаңалықтар
Павлодарда ұйқыбез ісігіне күрделі ота жасалды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 25 мамыр, 2025
- 166

Операция Механикалық сарғаю орталығының аясында өткізіл
Павлодарда ұйқыбез ісігіне күрделі операция жасалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Павлодар қалалық №1 ауруханасында абдоминалды хирургиядағы ең күрделі оталардың бірі — панкреатодуоденалды резекция сәтті өтті. 4–5 сағатқа созылған операцияны белгілі хирург, профессор Болатбек Баймаханов жүргізді.
Мұндай оталар пациенттің өмір сапасын жақсартып, толық айығуға 30%-ға дейін мүмкіндік береді. Орталық аймақта жоғары технологиялық көмекті қолжетімді етуге бағытталған.
Шара аясында Сызғанов атындағы ұлттық хирургия орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және №1 аурухана арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тәжірибе алмасу мен жаңа технологияларды енгізуді көздейді.