дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 21:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады – жаңа заң жобасы

Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады – жаңа заң жобасы
ашық дереккөзі
Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады – жаңа заң жобасы
Парламент мәжілісінің қарауына отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасы келіп түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Мәжілісмен, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобалары мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. «Жоба мемлекет басшысының отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді», - деді Аймағамбетов төменгі палатаның жалпы отырысында. Заң жобасында бірнеше норма қарастырылған. Соның бірі – педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру. Сондай-ақ депутаттар мынадай нормаларды ұсынды: ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді, қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу және жазасын әлдеқайда қатаңдату; жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шаралар қабылдау құқығын беру; отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлықын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу өкілеттігін беру; суицидты насихаттағаны немесе суицидке итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу; балаларға арналған интернаттық ұйымдарды алдын-ала ескертпей, кез-келген уақытта тексеру. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлейді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар