жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 16:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Перзентке зар болдық": Сәкен Майғазиев қызын 15 жыл күткен

"Перзентке зар болдық": Сәкен Майғазиев қызын 15 жыл күткен
Сурет ашық дерекөзден алынды
Әнші ұлынан кейінгі қызы Раянаны15 жыл бойы күткен

"МузАРТ" тобының әншісі тұңғышынан кейінгі қызын 15 жыл күткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Өнер иесі жары Динара екеуі тұңғыш ұлынан кейін 15 жыл тағы да перзентті болуды армандап, зарыға күткен. 

Әнші ниеті мен тілегін жүрегіне түйіп, әйелінің көңіліне қаяу салмау үшін, үнсіз ғана іштей үмітін үзбегенін айтады.

Сәкен Майғазиев ұлы Әділетке қарындасы Раянаны қалай күткенін айтып, әсерлі видео жариялаған. 

«Сенен кейін біз 15 жыл Раянаны күттік. Перзент күттік. Сенің інілерің, қарындастарың болғанын қаладық. Сенің «бауырларың, іні-қарындастарың болса» деп армандадық. Мен балалы болуды қалай қаласам, анаң одан он есе, жүз есе көп күткенін де білемін. «Неге бұлай болды, қашан?» деп түртпектеп, мазасын алған жоқпын. Алланың есебі, сынағы деп айтудан қорқамын. Алла сынақтан сақтасын. Біз Динара екеуміз бір-бірімізді қолдап жүрдік 15 жылдан кейін анаң жүкті болды. Анаңның құрсағына Раянамыз бітті", - деді ол ұлы Әділетпен әңгімесінде. 
 

Жас отбасы «Аман болайық, әлі жаспыз. Ең бастысы, ұлымыз аман болсын» деп өз-өзін жұбатумен көп жылын өткізген екен.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар