бейсенбі, 1 мамыр, 2025 4:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында курсанттар арасындағы жаппай төбелес: ресми түсініктеме берілді

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында курсанттар арасындағы жаппай төбелес: ресми түсініктеме берілді
Қорғаныс министрлігі
Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес шығарғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады

Аталған жағдайға байланысты академияның баспасөз қызметі түсініктеме берді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиғаға 20-дан 40-қа дейін адам қатысқан деген мәлімет бар. Олардың қатарында Тәжікстан азаматтары да бар екені айтылды.

"Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясында бірінші курс курсанттары арасында орын алған жанжалға байланысты тексеріс жүргізілуде. Төбелес салдарынан бірнеше курсант жеңіл жарақат алған – сызаттар мен көгерулер анықталды", – делінген хабарламада.

Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызу қажет болмаған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар