Жаңалықтар
Петропавлда жыл басынан 120-ға жуық адам рульге мас күйде отырған
- авторjambylinfo.kz
- 23 ақпан, 2022
- 191
Петропавлда жыл басынан 120-ға жуық адам рульге мас күйде отырған
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция жол қауіпсіздігін нығайту бойынша жол жүрісі ережесін өрескел бұзушылармен күресті күшейткен. Нәтижесінде жыл басынан жаяу жүргіншілерге басымдылық бермеудің 68 фактісі тіркелді. 2 автомобиль жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетсе, 887-і жылдамдықты асырды. Одан бөлек, 348 адам рөлде отырып телефонмен сөйлескен, 834-і қауіпсіздік белдігін тақпаған. Мас күйде көлік жүргізу ең өзекті мәселе болып отыр. Қаңтардан бері осындай 115 жүргізуші ұсталды. «Мас күйде көлікті тізгіндейтіндерге қатысты заңнамамен қатаң шаралар қарастырылған: 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылулары мүмкін.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз