Жаңалықтар
Петропавлды Ресей құрамына өткізуді сұраған қазақстандық әйел сотталып кетті
- авторjambylinfo.kz
- 7 маусым, 2023
- 428
Петропавлды Ресей құрамына өткізуді сұраған қазақстандық әйел сотталып кетті
Петропавл тұрғыны сепаратистік әрекеті үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, Петропавл қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі «Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының біртұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды насихаттау» бойынша С.- ға қатысты қылмыстық істі қарады.
«Петропавл тұрғыны 2021 жылғы 6 қыркүйек күні шамамен сағат 22.00-де әпкесінің ұялы телефонын пайдалана отырып, бейнебайланыс арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен пайдаланушылардың анонимді қарым-қатынасына арналған «Чат Рулетка» қосымшасына кірген. Кездейсоқ қосылу нәтижесінде бұрын таныс емес ер адаммен онлайн әңгіме бастаған.
«Чат Рулетка» қосымшасындағы бейнебайланыс арқылы әңгімелесу барысында С. кездейсоқ пайдаланушы-әңгімелесушінің сұрақтарына Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласын Ресей Федерациясының құрамына алуын өтіне бастаған. Ер адам әңгімелесуді жазып алып, сол күні жазбаны YouTube бейнехостингінде жариялады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Прокурор С.-ны 6 жылға бас бостандығынан айыруды, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеуді тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәні ішінара мойындады. Айыпталушының кінәсі толық дәлелденді.
Нәтижесінде Петропавл қалалық соты С.-ның жұбайы 1-топтағы мүгедек екендігін және оның жас баласының болуын ескеріп, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Тоқаев Астана әкіміне жедел шара қабылдауды тапсырды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл мен Жетісуда қант қызылшасын өңдеу қарқын алды
- авторБақытжан Бекболат
- 31 қазан, 2025
Жаңалықтар
Қарашадан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қазан, 2025






