жұма, 22 қараша, 2024 0:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Полицейлер қарап тұрды": Күйеуі әйелін пышақтағанда полицейлер араша түспеген - журналист

"Полицейлер қарап тұрды": Күйеуі әйелін пышақтағанда  полицейлер араша түспеген - журналист
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Жантүршігерлік оқиға Маңғыстау облысында болған

Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелді пышақтап тастады. Бұл туралы жергілікті Instagram 911.aktau. жариялады, деп жазады Jambylinfo.kz. 

Видеодан дүкен алдында қанжоса болып жатқан әйелді көруге болады.

Видео авторының айтуынша, ер адам "Рахат" супермаркетінің маңында әйелін пышақтап кеткен. 

Ал белгілі журналист Оңғар Қабден желідегі парақшасына күйеуі әйелін  пышақтап жатқанда тәртіп сақшылары ешқандай амал-әрекет жасамағанын жазған. 

"Күйеуі әйелін супермаркеттің алдында пышақтап тастады. Полиция қарап тұр. Халық ең болмағанда аяғынан атсайшы деп шулап тұр", -деп жазды ол. 

Әлеуметтік желі қолданушылары полицейлердің бұл әрекетін сынға алған. 

"Әрекетсіздігі үшін полицейлерге іс тіркеледі-ау. Қазақстанда мұндай жағдайда полиция қызметкері үшін нақты қандай әрекет жасауы қажет екендігі туралы Заң қажет"-деп пікір жазған. 

Ал Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері әйелін пышақтаған ер адамның ұсталғанын хабарлады.

"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті қызметкерлері.

Күйеуінен жапа шеккен әйел қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар