Жаңалықтар
Полиция формасымен тікелей эфирге шыққан тиктокер жауапқа тартылды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 30 қаңтар, 2025
- 222

Ол әлеуметтік желіде полиция формасын киіп, ІІО-ның беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер көрсеткен
Шымкентте полиция формасымен тікелей эфирге шыққан тиктокер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шымкентте полиция формасын киген қыз ІІО-ның беделіне нұқсан келтіретін және оны төмендететін, офицер атағына лайықсыз әрекеттер көрсеткен.
Аталған дерек бойынша тәртіп сақшылары әлеуметтік желі қолданушысын анықтады. Ол полицияға ешқандай қатысы жоқ 24 жастағы қыз болып шыққан.
Полицияның киімін заңсыз кигені үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Киім тәркіленіп алынды.
Ол қызға әкімшілік айыппұл салынады.
Келесі мақала