сенбі, 23 қараша, 2024 2:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Поляр шұғыласынан қандай дыбыс шығады?

Поляр шұғыласынан қандай дыбыс шығады?
ашық дереккөзі
Поляр шұғыласынан қандай дыбыс шығады?
Солтүстік поляр шұғыласы – бізге мәлім ең жарқын табиғат құбылыстарының бірі. Поляр шұғыласы алғаш рет 30 мың жастағы кроманьнон үңгірлеріндегі суреттерде бейнеленген. Бұл туралы деректер біздің заманымыздан бұрынғы 2600 жылғы көне қытай жазбаларында кездеседі. Көктегі жасыл, қызғылт, күлгін, көк түстер толқынының ретсіз қозғалысы – "Поляр шұғыла" деп аталады. Ғылым дамымаған кезде бұл жағдайды адамдар тылсым күшпен байланыстырып,  жерасты әлемінің тірілерге жолдауы, табиғаттың адамзатқа эпидемиялар мен соғыстарға дейін берген ескертуі деп білді. Бірақ поляр шұғыласы – бұл табиғат күштерінің белгілі бір әрекеттері негізінде пайда болатын жаңбыр, тұман, қар сияқты табиғи құбылыстардың бірі екенін қазір бәрі де біледі. Поляр шұғыласы қалай пайда болады? Күннен шыққан плазма (бос электрондар мен протондар) Жердің магнитосферасына түскенде, олар магниттік доғалар бойымен Жер полюстеріне қарай қозғалады. Полюстердегі магниттік доғалар атмосфераға өте жақын болғандықтан Күн бөлшектері атмосферадағы оттегі, азот және басқа газдарға соқтығады. Соқтығу салдарынан газ атомдарынан жарық түрінде көп энергия шығарылады. Осының салдарынан шұғыла дейтін табиғаттың ғажап құбылысы пайда болады. Шындығында, жарық тек солтүстікте ғана емес, оңтүстік полюсте де байқалады. Сондықтан құбылысты Солтүстік шұғыласы ғана емес, поляр шұғыласы деп атаған дұрыс болар еді. Күн нұры неғұрлым күшті болса, шұғыла да соғұрлым үлкен болады. Оны қай жерден көруге болады? Поляр шұғыласының қашан пайда болатынын нақты болжау қиын, себебі бұл Күн белсенділігіне байланысты. Ғалымдардың зерттеуінше, күздегі және көктемдегі күн мен түннің теңелетін 21 қыркүйек пен 21 наурыз – солтүстік шұғыланың байқалатын мезгіл. Жылдың осы уақытында Күн солтүстік ендікке ерте батады. Солтүстік ендік бойынша 67-70 градуста яғни, Аляскадан Скандинавия түбегіне дейінгі аймақта Поляр шұғыласы айқын көрінеді. Финляндия – солтүстік поляр шұғыласы ең жақсы көрінетін аймақ. Мұнда табиғат тылсымын әр төрт түннің үшеуінде көруге болады. Күннің белсенділігі жоғары кезде Шотландия мен Ресейдің орталық аймақтарында поляр шұғыласын байқауға болады. Мына бейнеде поляр шұғыласының қалыптасу процесі модельденген https://youtu.be/ymC1vkSpJ34 Поляр шұғыласынан дыбыс шығатынын білесіз бе? Бір қызығы, бұл құбылысты бақылағандар одан дыбыс шығатынын айтады.  Мұқият тыңдаған кезде мұздың шытырлап сынуы сынды дыбысты естуге болады екен. massaget
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар