жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Темір жолда адам өлімі: ҚТЖ қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Темір жолда адам өлімі: ҚТЖ қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады
Фото: Kazinform
Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін сағат 10:20-да Коршунов – Өскемен-1 (Өскемен-1 – Риддер учаскесі) темір жол бойына шыққан екі әйелді пойыз басып кетті. Бірі оқиға орнында жан тапсырып, екінші адам шұғыл ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"2025 жылғы 22 тамызда сағат 10:20–да Коршунов – Өскемен-1 (Өскемен-1 – Риддер учаскесі) аралығында пойыз машинисі темір жолға шыға келген әйелді көрген бойда қозғалысты шұғыл тежеуге талпынған. Алайда пойызды тоқтатып үлгеру мүмкін болмады. Оқиға салдарынан бірі қаза тауып, екінші әйел жарақат алды, бірден ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

ҚТЖ қаза тапқан әйелдің туыстары мен жақындарына көңіл айтады және жапа шеккен жанның тезірек сауығып кетуін тілейді.

"Компания азаматтарды теміржолда болу ережелерін қатаң сақтауға, өте мұқият және сақболуға шақырады. Темір жолы – қауіптілігі жоғары аймақ. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін", – деп жазды "Қазақстан темір жолы" ҰК".

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар