....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 1:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Премьер лауазымынан босаған Әлихан Смайылов қазақстандықтарға алғыс айтты

Премьер лауазымынан босаған Әлихан Смайылов қазақстандықтарға алғыс айтты
ашық дереккөзі
Премьер лауазымынан босаған Әлихан Смайылов қазақстандықтарға алғыс айтты
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев отставкасын қабылдаған Әлихан Смайылов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қазақстандықтарға арнап жазба қалдырды, деп хабарлайды Jambylinfo. Ол ең алдымен үкімет басқаруға сенім білдірген президентке алғыс айтты. Өзі басқарған кездегі министрлер кабинетінің жұмысындағы негізгі нәтижелерге тоқталған ол былтыр Қазақстанда экономикалық өсім 5,1% құрағанын атап өтті. “Өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5,1%-ті құрады. Барлық негізгі секторлар оң даму динамикасын көрсетті. Инфляция екі есеге төмендеді”,-деп жазды экс премьер-министр. Сондақ-ақ Смайылов үкіметтегі барлық әріптестеріне нәтижелі жұмыс үшін ризашылығын білдірді. Айта кетейік, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайылов басқарған үкіметті отставкаға жіберді. Премьер-министрдің қызметі уақытша Роман Склярға жүктелді. 7 ақпан күні Тоқаев Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар