Жаңалықтар
Президент академик Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 28 сәуір, 2025
- 296

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев тілтанушы және әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сейіт Қасқабасовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.
Сейіт Асқарұлы ұлт руханиятын ұлықтап, қазақ ауыз әдебиетін терең зерделеуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы тұлға еді. Әсіресе, отандық фольклортануға өлшеусіз үлес қосты. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұстаз ретінде көптеген шәкірт тәрбиеледі. Өнегелі өмір сүріп, соңына рухани мол мұра қалдырған Сейіт Асқарұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, – деп жазылған жеделхатта.
Келесі мақала
Балауса Мұздиман "Алматы Аренада" шаршы алаңға шығады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 шілде, 2025
Жаңалықтар
Елорда күніне байланысты ХҚКО-лар уақытша жұмысын тоқтатады
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 шілде, 2025