Жаңалықтар
Президент бүгін коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді
- авторjambylinfo.kz
- 1 сәуір, 2021
- 195
Президент бүгін коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді
Бүгін түстен кейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді.
«Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөнінде жиын өткізеді. Іс-шара барысында COVID-19 індетіне шалдыққан азаматтардың көбеюіне байланысты еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар, сондай-ақ, халыққа вакцина салу мәселесі қарастырылады. Жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, аймақ әкімдері қатысады», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала