Жаңалықтар
Президент БАӘ ислам және уақыптар істері жөніндегі бас басқармасының төрағасымен кездесті
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 қыркүйек, 2025
- 311
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысы БАӘ ислам және уақыптар істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Омар Хабтур әл-Дареймен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, пезидент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Омар Хабтур әл-Дарей әлемдегі рухани ахуал мәселелері жөнінде пікір алмасып, дінаралық диалогты дамытудың маңызын атап өтті.
Сондай-ақ түрлі конфессиялар арасында өзара түсіністік пен үйлесімді нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігердің өзектілігіне тоқталды.
Бұған дейін мемлекет басшысының Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасын қабылдағанын жазғанбыз.




