Жаңалықтар
Президент бокстан үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбайды құттықтады
- авторАрайлы Жақсылық
- 16 наурыз, 2025
- 82

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады
– Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік!
Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.
Еске салсақ, бүгін Сербияда бокстан өтіп жатқан әлем біріншілігінде отандасымыз Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды.
2025 жылғы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалында Назым Қызайбай (48 келіге дейін) ресейлік Юлия Чумгалакованы жеңді.
Ол бұған дейін 2014 және 2016 жылдары әлем чемпионатының алтын медалін иеленген.
Келесі мақала