Жаңалықтар
Президент Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткішті ашты
- авторjambylinfo.kz
- 30 қыркүйек, 2022
- 213
Президент Семейде Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған ескерткішті ашты
Президент Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Айта кетейік, Семей қаласындағы Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановқа арналған «Ұстаз бен шәкірт» ескерткішінің авторы – Нұрбол Қалиев. Мүсін композициясы қоладан, тұғыры тұтас күрт гранитінен жасалған ескерткіштің биіктігі – 4 метр. Өнер туындысы демеушілер есебінен бой көтерді.
Салтанатты рәсімнен кейін Президент Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезовпен және қос алыптың ұрпақтарымен суретке түсті.
Рәсімнен кейін Мемлекет басшысы халқымыздың ұлы перзенттерінің ұрпақтарымен және зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Мекеменің ішкі тәртібін бұзған жазасын өтеуші жазаланды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Елімізде әрбір блогер тоғыз айда 1,2 млрд теңге салық төледі
- авторjambylinfo.kz
- 29 қазан, 2024